4-10 қаңтар аралығына арналған жұлдыз-жорамал

623
көрілім

Тоқты

Аптаның алғашқы күні Тоқтыларға үйдегі шаруаларды да ұмытпаған жөн. Жұмыста жүріп мән бермей келгеніңізді ескерсек, түздегі қарбаласқа алаңдап, пәтеріңіздің іші қалай шашылып қалғанын аңғармай қаласыз. Сейсенбі, сәрсенбі күндері жақындарыңызбен күтпеген жерден келеңсіздіктер болуы мүмкін. Бұл сіздің кінәңіз емес.

Торпақ

Кез келген оқыс қимыл сіз үшін қауіп-қатерге толы болуы мүмкін. Үйде жүріп жарақат алып қалуыңыз ғажап емес. Аптаның алғашқы күні өзіңізге таңсық жерлерге барып, бейтаныс адамдармен әңгіме өрбітесіз. Бейсенбі, жұма күндері аяқасты шаруаңыз шаш етектен көбейіп, жоспарыңыз өзгереді. Бір шешімге келмес бұрын ішкі түйсігіңізге иек артыңыз.

Егіздер

Дүйсенбі, яғни қаңтар айының 4-і күні жақындарыңызбен ара қатынасыңыздың бұзылмауына күш салыңыз. Бұған дейін ұшқыны байқала бастаған жанжалдың бөгеуі ағытылып, әп-сәтте ұрыс-керіс басталуы мүмкін. Кесімді сөз айтпай тұрып, кикілжің қайдан шыққанын анықтап көріңіз.

Шаян

Қыстың бел ортасында бірқатар Шаяндар өмірлік серігін жолықтырады. Жолы болмағандар қоғамдық жерлер мен көпшілік арасында жиі жүргендері дұрыс. Бейтаныс адамдармен таныстық орнатудан іргесін аулақ салмай, өзара ортақ дүние табуға ұмтылғандары жөн. Бәрі де мүмкін, сондықтан батылырақ болыңыз.

Арыстан

Апта басында Арыстандардың жұмысқа деген құлшыныстары артып, көптен бері жүзеге асыра алмай жүрген жоспарын қолға алады. Кәсіпке жуық жүргендер жарнама бағытында қомақты табысқа кенеледі, ал демалыста жүргендері үй шаруашылығымен айналысып, бөлмелерге өзгеріс енгізеді.

Бикеш

Бикештер үшін осы апта жаңа бастамаларды қолға алатын кезең ретінде есте қалады. Сейсенбі, сәрсенбі күндері не жоспарласа да шешімі жылдам болмақ. Себебі әлдеқайдан шабыт алып, өзіңізді әлеуетіңіз жоғары жандай сезінесіз. Сенімділік пен жауапкершілік қасиеттері барлық ісіңіздің жетекшісі.

Таразы

Осы апта қаржылық қиындық көріп жүрген Таразыларға біршама мүмкіндік сыйлайды. Басшылық тарапынан сыйақы алу, жаңа қызметке ауысу, тіпті талайдан бері қарызын қайтара алмай жүрген таныстарыңыз қоңырау шалып, алған сомасын толықтай қайтарып бермек. Апта соңына қарай өзіңіз ұнатқан киім-кешегіңізді сатып алсаңыз болады.

Сарышаян

Дәл қазір кейбір Сарышаяндар босаңсып, осы уақытқа дейін талай жұмыстың шетін шығарғандай көңіл көтеріп қайтуға асығады. Жұлдыздар арқаны кеңге салмауға кеңес береді. Басшылық сіздің жұмысыңызды лайықты бағалағанмен, аяғыңыздан шалуға асық әлдекімдер сүрініп кетуіңізге тілекші болып жүреді.

Мерген

Дүйсенбі күні жұмысқа шыққан Мергендер үшін ешкіммен де пікір таластырмаған ләзім. Соңы дау-дамай, кикілжіңге әкелуі мүмкін. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтағыларыңыз келсе өзара жұмыс сапасын салыстырып көріңіздер. Жауапкершілік жүгін сезініп жүрген сіздің мерейіңіз үстем болмақ.

Тауешкі

Соңғы уақытта танысқан адамдарыңыздың біреуі сіздің ең сенімді әріптесіңіз атануы мүмкін. Өзіңізді өрге сүйрейтін жандармен байланысты үзбей, қайта ойыңыз бір жерден шығатын іскер адамдарды маңайыңызға топтауға тырысыңыз. Кәсіпке бет бұрғандар жоспарын жүзеге асыруға қолұшын беретін инвесторларды жолықтырады.

Суқұйғыш

Бұл аптада Суқұйғыштар алдымен қиындықтарға тап болып, іскерлік қабілетінің арқасында санаулы күндердің ішінде барлығын өз орнына қояды. Мұндай кезде көптеген жайт адамның көңіл-күйі мен ниетіне байланысты болады. Өздерін салқынқанды ұстаған Суқұйғыштар талай келеңсіздіктің алдын алады.

Балықтар

Дүйсенбі күні үйден шыққанда жарақат алып, жұқа киіну салдарынан тоңып қалмаңыз. Үй-ішіңізбен, сүйіктіңізбен әлденеге келіспей қалуларыңыз кәдік. Сәрсенбі, бейсенбі күндері жұмысқа деген құлшынысыңыз төмендеп, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Сол үшін дәруменге бай жеміс-жидектер жеп, демалыс күндері жақсылап тынығыңыз.