Тоқты
Жоспар құрып, түбі орындалмай жатса өзіңізді жегідей жеудің қажеті жоқ. Себебі соңғы уақытта біршама еңбек етіп, талай істің шетін шығарып үлгердіңіз. Тіпті осы үшін өзіңізге сыйлық жасап, бір жаққа саяхаттап қайтыңыз.
Торпақ
Соңғы уақытта кей адамдар жолыңыздан ығыстырып, сыртыңыздан қаңқу сөздер айтуы ғажап емес. Эмоцияңызды шығарудың аз-ақ алдында тұрсаңыз да сабырлы қалпыңызды жоғалтпаңыз.
Егіздер
Әр басқан қадамыңыз сәтсіздікке ұшыраса, демек сіздің сүрінгеніңіз біреулерге жағып тұр. Қанша биікке өрлесеңіз де жан-жаққа сақтықпен қарауды кәперіңізден шығармаңыз. Тамақты уақтылы ішіңіз.
Шаян
Айналаңыздағы адамдар оң ықпал етеді. Пікір алмасатын жан іздесеңіз түйсігіңізге сеніңіз. Қазір қай бағытқа назар аудартыныңызды анықтап алыңыз: әсілі, отбасыңызға көңіл көп бөліңіз.
Арыстан
Қазіргі күш-қуатыңыз тау қопарарлықтай, ешнәрсе қиын болып көрінбейді. Алдағы жұма сіз үшін айтарлықтай сәтті болмақ: маңызды кездесулер мен келіссөз жүргізуді осы күнге белгілеңіз.
Бикеш
Жұлдыздар баяу қалыпқа түсіп, бәсеңдеуге кеңес береді. Бұл қалай? Қазір жұмысыңызда айтарлықтай жүктеме жоқ, сондықтан әл-қуатыңыз бен ынтаңызды апта соңындағы қарбаласқа сақтаңыз.
Таразы
Жалқаулықты жар етпей, қайта сонымен күресуге тиіссіз. Бұлай ету қолыңыздан келмесе алдағы күндер сәтсіздіктерге толы болғалы тұр. Бос уақытыңызды кітап оқуға арнаңыз.
Сарышаян
Қазан айының 4-і күні біреу тосынсый жасауы мүмкін. Сүйікті адамыңыз қуантып, апта айтарлықтай сәтті өтпек. Дегенмен сейсенбі мен сәрсенбі күндері әлдекімнің күтпеген қоңырауы өткен күннің есігін қайта ашуға себепкер болады.
Мерген
Өміріңізде нені өзгерткіңіз келетінін мұқият ойластырыңыз. Апта ортасында күтпеген шешім шығарып, өзгелер күтпеген қадамға барасыз. Бір қадам бұрын ойлайтын жұлдызнама иелеріне ендігі еңбек демалысын жоспарлай беруге болады.
Тауешкі
Қуанышты әрі келеңсіз жайттар қатар болып жатса, әліптің артын бағыңыз. Ең ұтымды қадам: тосын жағдайларға лезде бейімделу. Туыс-туғандарыңызбен ұрсысудың қажеті жоқ: көмегі қажет болады.
Суқұйғыш
Жаңа таныстық орнатуға қолайлы уақыт. Жалғызбасты Суқұйғыштар болашақ жарын жолықтырулары мүмкін. Қаржы жағынан біршама қиналып тұрсаңыз да қарызға ақша алмаңыз.
Балықтар
Көңіл-күйіңізді көтеретін уақыт келген сияқты. Күн тәртібіне достарыңызбен жолығып, шер тарқатуды қосып қойыңыз. Алайда денсаулыңызға мән беруді есіңізден шығармаңыз: суық тиюі ғажап емес.