Тоқты
Өз-өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, іскерлік қасиеттеріңіз оянады. Бұл аптада ойыңыздың барлығы іскерлік қарым-қатынас орнатып, қаржылық жағдайларды шешуге бағытталатын болады.
Торпақ
Бойыңыздағы күш-қуатты сақтауға көп көңіл бөліңіз. Уақытыңыздың басым бөлігін демалысқа бөлгеніңіз абзал. Бұл апта шылым шегу сияқты жаман әдеттерден арылуға қолайлы.
Егіздер
Бұл аптада материалдық мәселелерді шешумен айналысатын боласыз. Дегенмен, жеке кәсіпкерліктен гөрі жалдамалы жұмыста жүрген Егіздердің жолдары болып, алға қойған мақсаттарына жетеді.
Шаян
Материалдық жағдайды түзету бірінші кезекке шығатындықтан, жаңа идеяларға жұмыс істейтін боласыз. Шығармашылықпен айналысатын Шаяндардың материалдық байлыққа кенелу мүмкіндіктері зор.
Арыстан
Көңіл-қошыңыз көп нәрсеге соға бермейтін апта, сондықтан кейбір жоспарларды іске асыруды кейінге қалдырғаныңыз дұрыс. Ең дұрысы уақытыңызды демалысқа арнап, спортпен шұғылданыңыз.
Бикеш
Кезең жеке кәсіп бастауға немесе жалақысы жоғары жұмыс іздеуге қолайлы. Зияткерлік жұмыспен айналысатын Бикештер үшін уақыт қолайсыздау болуы мүмкін. Алаяқтың арбауына түсіп қалу қаупі зор.
Таразы
Бұл аптада көз қызықтырар заттарды сатып алуға, саяхатқа шығуға зауқыңыз соғуы мүмкін. Дегенмен, қажеті жоқ заттарға ақшаңызды жұмсап, пайдасыз сапарларға шаша беруден шектелгеніңіз абзал.
Сарышаян
Алға қойған мақсаттарыңызды сәл кейінге шегергеніңіз абзал. Бұл аптада өз-өзіңізді күтіп, дәрігердің кеңестеріне құлақ асыңыз. Күзгі уақытта бой көрсететін созылмалы аурулардың алдын алыңыз.
Мерген
Қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтемін деген Мергендерге жақсы мүмкіндік туады. Кең ойлап, ұсыныстардан бас тартпаңыз. Бұл апта шығармашылықпен, зерттеулермен айналысатындар үшін сәтті болады.
Тауешкі
Оқытушылықпен айналысатын Тауешкілер үшін қолайлы уақыт. Апта соңына қарай материалдық жағдайыңыз жақсарып, күтпеген жерден табысқа кенеліп қалуыңыз ықтимал.
Суқұйғыш
Денсаулығыңызды күтумен айналысып, таза ауда көбірек серуендеңіз. Келеңсіз жағдайларға көңіліңізді алаңдатпай, уақытыңызды отбасы, ошақ қасында өткізуге тырысқаныңыз абзал.
Балықтар
Құмар ойындар ойнауға зауқыңыз соғып, қолыңыздағы қаражатты еселеуге қызығушылығыңыз артуы ықтимал. Дегенмен, болашағы бұлыңғыр ойындарға деген қызығушылық материалдық шығынға әкелетінін ұмытпаңыз.