4-10 мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал

504
көрілім

Тоқты

Қазір келіп түскен кез келген ұсынысқа аз да болса күмәнмен қарағаныңыз абзал. Олқылыққа жол бермес үшін өзіңіз жақсы танитын білгір жандармен кеңесуге асығыңыз. Қазір бала-шағаңыздың еркелігі көбейіп, әбден титығыңызға жетеді. Алайда мұның барлығы уақытша дүние. Балаңыз қандай қылық шығарса да, сабыр сақтаңыз.

Торпақ

Денсаулығыңызға жіті мән беріңіз. Тіпті ақ халаттыларға жүгініп, тексеріліп алғаныңыз жөн болар. Жақын туысқандарыңыз да сізге ауыртпалықтарын түсірмей қоймайды. Қиын мәселелерге бас ауыртып, жүйкеңізді жұқартпауға тырысыңыз. Іс насырға шауып бара жатса, жауапсыз қалдырғаннан гөрі ойыңызды ашық білдіргеніңіз де дұрыс.

Егіздер

Тап қазір қабылдайтын шешіміңіз алдағы өміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін. Жұлдыздар «асыққан – шайтан ісі» екенін есіңізге салып, барлығын мұқият ойластырып барып шешім қабылдауға кеңес береді. Жалпы шығармашылық бағытындағы жандар үшін өздерін дамыта түсуге қолайлы уақыт. Бос уақытыңызды құр өткізіп алмаңыз.

Шаян

Бітпей қалған жұмыстарды үйге қалдырудың қажеті жоқ, отбасы мүшелері дұрыс түсінбей қалулары мүмкін. Сондықтан жұмыс уақытында барынша белсенділік танытып бағыңыз. Апта ортасында қаржылық қиындықтар туындайды. Өзіңізге сеніңіз, сонда ешкімнен қарыз алмай, мәселені біржақты етудің сәті түседі.

Арыстан

Қандай жағдай болсын бірінші қадам жасауға тартынбаңыз. Бұл өміріңізде кездесетін барлық салалар шеңберіне қатысты. Мамыр айының 4-9 күндері аралығы күтпеген жерден сыйлықтар алып қалуыңыз ғажап емес. Осы күнге дейін сіз үшін қуаныш сыйлаған жандарға алғыс білдіруді ұмытпаңыз. Мамыр айының 10-ы күні сіз бас тарта алмайтын ұсыныс түсуі мүмкін.

Бикеш

Жұмысыңызда шаруаларыңыз бітпей қалса, онда осы апта сіз үшін қарбалас болғалы тұр. Сабырлық танытып, салқынқанды қалпыңыздан таймаңыз. Жаз айларына қарай артық салмақтан арыламын деушілерге тез арада іске кіріскен жөн. Жолыңыздан адастырғысы келетіндер де аз емес, сақ болыңыз.

Таразы

Қосымша жұмыстар алып, басшылық көзіне түсемін деудің еш қажеті жоқ. Бір рет жүктемеңізді көбейтер болсаңыз, кейін әріптестеріңіз де жиі көмек сұрайтын болады. Жұрт арасында беделіңіз өсе бастайды, осы уақытта екінші жартыңызды табуға асыққаныңыз дұрыс.

Сарышаян

Осы аптада айналаңызға алдына тау мақсат қойған жандарды топтастыруға тырысыңыз. Қажет кезде көлеңке іспетті ғайып болатын таныстарыңызбен қарым-қатынасыңызды үзгеніңіз жөн. Қазіргі уақытта Жұлдыздар жақсылап тынығып, үйде болуға кеңес береді.

Мерген

Қазір күш-қуатыңызды толыстыратын кезең. Бірқатар жұмыстарға жіті мән беріп, аяқсыз қалмауын қадағалауыңыз тиіс. Екінші жартыңызды жолықтырғыңыз келсе әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, жаңа таныстық орнатуға тырысқаныңыз дұрыс. Күрделі мәселелер туындаса, достарыңызға иек артыңыз.

Тауешкі

Азын аулақ қарыз сұрағандарға бас тарта тұрғаныңыз жөн. Апта соңына қарай қаржылық қиындық сіздің басыңызға да түсуі ғажап емес. Оған қоса, жұмысыңызда да шаруа шаш етектен келеді. Оны еңсеруге сіздің күш-қуатыңыз жеткілікті. Абзалы, отбасыңызға жұмыста бөгелетініңізді ескертуді ұмытпаңыз.

Суқұйғыш

Талантыңыз бен ерекше қабілетіңіз біртіндеп табыс әкеле бастайды. Небір қызықты ұсыныстар түсіп жатса, көп ойланбастан келісім бергеніңіз ләзім. Үлкендермен пікір алмасу кезінде барынша сыпайылық сақтаңыз. Әйтпегенде жоқ жерден жанжал шығуы мүмкін.

Балықтар

Бұдан әрі сезіміңізді бұғаттай алмайсыз. Біреу-міреуді ұнатып қалсаңыз, өзіне ашық айтудан еш қысылмаңыз. Жұмыста да, өмірде де шыншыл болуға тырысыңыз. Қателікке бой алдырсаңыз, бастығыңызға болған жайтты боямасыз айтып беруден қорықпаңыз.