4-10 маусым аралығына арналған Жұлдыз жорамал

895
көрілім

Тоқты

Бұл апта қауырт жұмыстарға толы болып, кейбір күндері таныс адамдарыңызбен келіспей қалуыңыз ықтимал. Сондықтан аптаның басым бөлігін тынығып, жалғыз өткізуге тынысыңыз.

Торпақ

Апта бойы өзіңізді жақсы сезініп, кейбір ұзақтан бері кейінге қалдырылып келе жатқан жоспарларыңызды қолға алуыңыз мүмкін. Апта басында біраз шығынға ұшыратытын сауда-саттық жасауыңыз ықтимал.

Егіздер

Екінші тынысыңыз ашылып, бойыңызда тау қопарардай күш пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең дұрысы бойыңыздағы қуатты жұмысқа бағыттап, басшылық алдында көзге түсуге тырысыңыз.

Шаян

Бұл аптадағы басты мәселе – отбасы жағдайын шешу. Отбасы мүшелерінің бастарын бір жерге тоғыстырып, маңызды мәселелерді бірлесе шешіңіз. Бұл аптада біреуден қарыз алмауға тырысқаныңыз дұрыс.

Арыстан

Сәттіліктеріңіз өзге адамдармен байланысты. Өзіңіз қанша тырысқанмен жағдайды өзгерте алмасыңыз анық. Сонымен қатар бұл аптада өзгеге көмек көрсетуге, іссапарға шығуға асықпағаныңыз жөн.

Бикеш

Бір нәрсені шорт кесіп айтпас бұрын алдын ала ойланып алғаныңыз абзал. Туған-туыстарыңыз сізден көмек сұрауы мүмкін. Жұмыс орныңыздағы кейбір дау-жанжалдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз.

Таразы

Бұл аптада денсаулығыңызды күтіп, нәрлі ас ішіп, таза ауада жиі серуендеңіз. Кейбір жағымсыз хабарларды көңіліңізге алмауға тырысып, қаржылық мәселелерді кейінге қалдырыңыз.

Сарышаян

Бұл аптадағы қаржылық жағдайыңыз жұмыс істеу қарқыныңызға байланысты болмақ. Кейбір кездері өнертапқыштық қасиеттеріңізді де ортаға салуға тура келуі ықтимал. Күшіңізді аямаңыз!

Мерген

Апта бойы үй ішіндегі жұмыстарды шешумен боласыз. Күшіңіз жетпейтін кейбір жұмыстарды туған-туысыңызбен бірге атқаруға арланбаңыз. Апта соңына қарай барлығы орнына келеді.

Тауешкі

Денсаулығыңыз сыр беріп, жақын туыстарыңызбен араздасып көңіл-күйіңіз біраз жабырқауы мүмкін. Дегенмен, қай нәрсені болмасын ақылмен шешіп, екі арадағы жанжалды ушықтырмауға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Бұл аптада күтпеген жерден қаржылық кірістер болып қалуы мүмкін. Сондықтан, қолыңыздағы қаржыны кейін пайдасы болатын істерге салу жағын ойластырғаныңыз абзал.

Балықтар

Бұл аптада қордаланып қалған тұрмыстық мәселелерді біржақты етіп, үй ішіндегі ұсақ-түйек жұмыстарға назар аударғаныңыз дұрыс. Апта жаңа бастамаларды бастауға ыңғайсыз кезең.