4-10 желтоқсан аралығына арналған Жұлдыз жорамал

1125
көрілім

Тоқты

Желтоқсан айының басында жаңа адамдармен танысып, материалдық жағдайыңызды жақсарту бағытында қолдау аласыз. Апта соңына қарай заманауи техника сатып алуға құлшынысыңыз артуы мүмкін.

Торпақ

Торпақтарға салқын тиіп қалудан сақ болу қажет. Нәрлі тамақтанып, дене жаттығуларын жиі жасаңыз. Бұл аптадағы көңіл-күйіңіз денсаулығыңызға байланысты екенін ұмытпағаныңыз абзал.

Егіздер

Бұл аптадағы еңбегіңіз жемісін берері анық. Дегенмен, қай іс болмасын әріптестік арқылы ғана жүзеге асатынын естен шығармаңыз. Үйдегі ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырмағаныңыз жөн.

Шаян

Айдың алғашқы онкүндігінде қаржылық жағдайыңызды жақсарту мәселелерімен айналысуыңыз мүмкін. Аптаның басында әшекей заттар сатып алуға құмартуыңыз ықтимал.

Арыстан

Айдың басында тыныс алу жүйеңізге суық тиіп қалудан сақ болыңыз. Сондықтан жылы киініп, нәрлі тамақтанып жүріңіз. Іштарлық танытатын адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз.

Бикеш

Басы бос бикештер үшін өмірлік серіктерін табуға қолайлы кезең. Нәтижесі бұлыңғыр істерге жоламаңыз. Сондай-ақ, шығармашылықпен, ғылыми жұмыспен айналысатын Бикештердің жолы болады.

Таразы

Қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін тынбай жұмыс істеу қажет екенін ұмытпаңыз. Дегенмен, жұмысыңызды асқан сақтықпен және ұқыптылықпен орындағаныңыз абзал.

Сарышаян

Бұл аптада денсаулығыңызға аса көңіл бөліңіз. Дәрігер кеңесіне құлақ асып, таза ауада көбірек серуендеңіз. Көңіл-күйіңізді көтеріңкі ұстап, айналаңыздағы адамдармен ұрсыспауға тырысыңыз.

Мерген

Тұрмыстық жағдайыңызды жақсарту сәті түсіп тұр. Шығармашылықпен, ғылыми жұмыспен айналысуға қолайлы кезең. Жұмыс орныңызда әріптестеріңіздің қолдауына ие болып, ісіңіздің нәтижесін көресіз.

Тауешкі

Жылжымайтын мүлік сатып алу мәселелерімен айналысуыңыз мүмкін. Бұрыннан жоспарлап жүрген істеріңізді батыл түрде қолға алуыңызға болады. Апта ортасында қателіктерге бой алдыруыңыз ықтимал.

Суқұйғыш

Бұл апта бойыңыздағы жаман әрекеттерден құтылуға өте қолайлы. Аптаның екінші жартысында жұмыстан бір уақытқа ажырап, демалыстарға көңіл бөлгеніңіз абзал.

Балықтар

Апта басында ескі таныстарыңызды кездестіріп, арты пайдалы әріптестікке ұласуы мүмкін. Бастаған ісіңіздің айналаңыздағы адамдардың оңды көзқарасына ие болу арқылы ғана жемісін беретінін ұмытпаңыз.