Тоқты
Бұл апта бірқатар құжаттарға қол қойып, маңызды шешім қабылдауға қолайлы. Жаңадан қарым-қатынас орнатамын деп ескі достарыңызды жадыңыздан шығарып алмаңыз. Тіпті сізден бейтаныс жан көмек сұраса да бас тарпағаныңыз жөн.
Торпақ
Нендей жағдай тіркелсін, өзіңізге сенімді болыңыз. Әріптестеріңізбен ара-қатынасыңыз суып, келіспеушіліктер болуы мүмкін. Бұл сіздің айыбыңыз емес, айналаңыздағылардың сізге деген қызғаныш сезімінен.
Егіздер
Сүйіктіңізге сыйлық жасап, жақын адамдарыңызды тосынсый әзірлеп қуантсаңыз болады. Желтоқсанның 5-6-ы күндері бұған дейін араласпай кеткен адамдарыңызға қоңырау шалып, хал-жағдайын сұрасаңыз құба-құп.
Шаян
Тағдырдың тосынсыйларына дайын болмай шығуыңыз мүмкін. Осының бәрін ойдағыдай өткеру үшін шешім қабылдарда жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Демалыс күндері бәрін ысыра тұрып, тынығып алғаныңыз жөн.
Арыстан
Өзіңіз ұнатпайтын адамдармен сыр шертісуден аулақ болыңыз. Дұрысы, қазір уақытыңызды бостан-босқа кетіргенше, жақсылап күш жинап алыңыз. Егер тәуекелге бел бусаңыз, сіздің пайдаңызға шешілмейтін сыңайлы.
Бикеш
Алдағы аптада отбасылық демалыс бұйырып тұр. Мейілінше желтоқсанның 5-8 күндеріне жоспарлағаныңыз дұрыс. Күш-қуатыңыз асып-тасыса да, жұмыстарыңызды ысыра тұрыңыз.
Таразы
Балаларыңыз жақсы жаңалық жеткізіп, оларды мақтан еткіңіз келеді. Алды өз бетімен шешім қабылдап, сізден қолдау күтеді. Мұндайда бетінен қақпай, белін буғаныныз дұрыс. Дәл қазір жақын адамдарыңыздың өздері қарызға ақша сұраса, беруден бас тартқаныңыз жөн.
Сарышаян
Жақын арада қандай келеңсіздікке тап болсаңыз да салыңыз суға кетіп, меселіңіз қайтпасын. Одан да тығырықтан шығар жол іздеңіз. Қазір өзіңіздің сырт келбетіңізге мән беріп, сән салонына жазылсаңыз болады.
Мерген
Сезіміңізді тұншықтырып, іштей қиналғанша ұнатқан адамыңызға ойыңызды ашып айтыңыз. Отбасылы Мергендер әріптестері арасында беделін түсіріп алулары мүмкін, мұндай сәтте ашуға ерік бермеңіз.
Тауешкі
Осы аптада сіз уайымдайтын мәселелер ерекше көбеймек. Асығыстық танытып, оңалып келе жатқан шаруаны бүлдіріп алмаңыз. Айналаңызға ойыңыз бір жерден шығатын адамдар топталып алса еш алаңдамаңыз.
Суқұйғыш
Сіздің өзгелерден өзгешеленуіңіз кейбіреуіне жақпауы мүмкін. Біреулер кемсітіп, көптің көзінше төмендетіп жатса, көзіне тіке қарап, жымиыңыз. Желтоқсанның 5-і күні оңаша қалып, бар шаруаңызды тындырып алыңыз.
Балықтар
Егер бұрынғы орныңызда үлгермей жатсаңыз, жаңа жұмыс орнын іздесеңіз болады. Сонымен қатар қазір жалақыңызды өсіру туралы ұсыныс айтсаңыз да орынды. Келіп түскен кез келген ұсынысқа мұқият болып, жоқ жерден жаза басып жүрмеңіз.