“50 пайызын он жыл жинадық”: Ұлан ауданындағы көппәтерлі үй тұрғындары баспана сапасын айтып берді

6004
көрілім
Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде мемлекеттік бағдарлама аясында берілген баспананы тұрғындар қаңтар айында сатып ала бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұландықтар 40 пәтерлі тұрғын үй сапасы көңілден шығатынын айтты. Ай сайынғы төлемі де қалтаға салмақ салмайтын көрінеді. Мәселен, Дана Байшуақова сатып алған соң кемшілігі байқалмай, аумағы 61 шаршы метр пәтерде алаңсыз тұрып жатқандарын айтты.
“Жаңа үй емес, бұрынырақта салынған баспана алсақ деп те ойладық. Бірақ осыған тоқталдық. Ай сайынғы төлемі де қатты қымбат емес. Мұнда жұбайым, қызыммен бірге тұрамыз. 50 пайызын “ТұрғынҮйҚұрылысЖинақ” банкі арқылы жинадық. Барлығы 14 млн 650 млн теңгеге шықты. Балконы кең. Екі пәтерлі үйіміздің 50 пайызын 10 жылдай жинадық”, - деді ол.
Әкімдіктегілердің айтуынша, көпқабатты үй “Өз үйім” бағдарламасы арқылы қолданысқа берілді.
 
Әділхан ЕСІМХАНОВ