Тоқты
Маңызды шешімдер қабылдауға қолайлы сәт. Тоқтылар табиғатынан тек биіктен көрінуді мақсат етеді. Сол үшін жаттығу залына барып, шыныққаныңыз жөн. Достарыңызбен ренжісіп қалсаңыз, тезірек татуласуға қам жасаңыз.
Торпақ
Жұмыста көзге түсу үшін еңбекқор және табанды болыңыз. Жеке өміріңізде келеңсіздіктер болуы мүмкін. Бұл ретте «басы қатты болса, аяғы тәтті болады» дегенді қаперіңізден шығармаңыз, жағдай аз уақытта оңалады.
Егіздер
Ақпан айының 7-сі күні шаңырағыңызға қуаныш ұялайды. Маңызды кездесулерді де осы күнге белгілеңіз. Апта соңында қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін, уақытты құр босқа жоғалтпасаңыз барлығын уақтылы шешуге болады.
Шаян
Отбасыңызға көп көңіл бөлсеңіз еш әбестік емес. Үлкендермен сөзге келмей қалсаңыз кешірімді бірінші өзіңіз сұраңыз. Жұмыста басшылық еңбегіңізді лайықты бағалап, лауазымыңызды өсіруі де мүмкін.
Арыстан
Нағыз романтикалық кезең күтіп тұр. Сүйікті адамыңыз тосын жаңалығымен сізді таңғалдырмақ. Төбелестен аулақ болып, сабыр суыңызды сарқымаңыз. Барынша бейтарап қалып танытып, әліптің артын баққан жөн.
Бикеш
Әзірге ешқандай ауқымды жобаларды бастап, болашаққа жоспар құрудың қажеті жоқ. Оңаша қалып тыныққаныңыз ләзім. Үйіңізге күшік, мысық алуды ойлап жүрсеңіз, осы аптада жүзеге асырыңыз.
Таразы
Осы аптада алай-түлей көңіліңіз байыз тауып, бас қатырған мәселелер өздігінен шешіледі. Дәл қазір ойыңыз бір жерде тоғысатын адамдармен күш біріктіргеніңіз жөн, өкінбейсіз.
Сарышаян
Күрделі жұмыстарды осы бастан қолға алғаныңыз дұрыс, әйтпесе бәріне үлгеремін күш-қуатыңыз сарқылуы ғажап емес. Шығармашылық адамдары үшін шабытқа толы кезең, тиімді пайдаланыңыз
Мерген
Асығыс шешім қабылдаудан аулақ болып, басқалардың жұмысыңызға араласуына жол бермеңіз. Жиналып қалған ұсақ-түйек шаруаларды аяқтау үшін қолайлы кезең. Демалыс күндерін отбасыңызға арнағаныңыз дұрыс.
Тауешкі
Бұл кезең өз-өзіңізді дамытуға қолайлы. Қазір тіпті бір істі бастап кетуге еш кедергі жоқ. Қаржылық қиындықтардан қорықпаңыз, мұндай кезде сәттілік сізге серік болады. Жуықта жаңа таныстықтар орнатуыңыз мүмкін.
Суқұйғыш
Апта соңында табысыңызды молайтуға жақсы мүмкіндіктер туындайды. Қолдау қажет кезде достарыңызға емес, отбасы көмегіне жүгінген дұрыс. Кейбір ойлаған жоспарларыңыз іске аспай жатса қатты қапаланбаңыз.
Балықтар
«Жарқырағанның бәрі алтын емес» деген мақалды жадыңыздан шығармаңыз. Қазір барынша қырағы болыңыз. Өзіңіз жақсы танып, жақын араласатын адамдардың барлығына бірдей сенудің қажеті жоқ.