Тоқты
Қазіргі жұмысыңыз көңіліңізден онша шықпай жүрсе, басқа мамандыққа, өзге салаға мойын бұрып қарап көріңіз. Олай болмаса басшылықтан жалақыңызды көтеруін сұраңыз. Осыған дейінгі еңбегіңіздің еленетіні сөзсіз.
Торпақ
Өзіңізге есеп беруді әдетке айналдырыңыз. Мүмкіндігінше айналаңыздағыларға өз қабілетіңізді паш етіп, таң қалдырудан еш қымсынбаңыз. Жан-жақтылығыңызды осылай дәлелдеу ұтымды әдіс.
Егіздер
Осы аптада қобалжуға түрлі себеп туындайды. Дұрысы, қызбалыққа салынбай, барлығын ақыл таразысына салып әрекет етіңіз. Осындайда сізді қолдауға әзір тұратын жақындарыңыздың жаныңыздан табыла кеткені тіпті жақсы.
Шаян
Барлық маңызды әрі шұғыл шаруаларыңызды демалыс күндеріне дейін тәмәмдауға тырысыңыз. Біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді білдіруден жасқанбаңыз. Ал отбасылы Шаяндар әлдеқандай қиындыққа тап болулары мүмкін.
Арыстан
Қандай да бір келеңсіздікке ұшырасаңыз сары уайымға салынбай, себебін анықтап көріңіз. Сонда ғана күрделі мәселелер сырт айналып өтеді. Нәзік жандылар сән салонына жазылып қойса құба-құп.
Бикеш
Бауыр еті балаңыз жоғары жетістікке жетіп, оны мақтан тұтатын кез де жақындап қалды. Алайда кейбір қуанышты жаңалықтарды тысқа шығара бермеңіз, бақыт тыныштықты қалайды. Басшылық тапсырма жүктесе, жауапкершілікпен қараңыз.
Таразы
Жұлдыздар жанұяңызбен тынығып қайтуға кеңес береді. Дұрысы, тамыздың 12-15 аралығына жоспарлаңыз. Күш-қуатыңыз тасып тұрса да кейбір жұмыстарды кейінге ысыра тұрыңыз.
Сарышаян
Сөзі де өзі де дөрекі, ниеті теріс адамдармен байланыспаған жөн. Кейбірі нәтижелі жұмысыңызға көреалмаушылық танытып, аяқтан шалуға тырысады. Абзалы, қандай жағдай болса да салқынқанды болыңыз.
Мерген
Тағдыр сыйға тартатын қарбалас кезеңге дайын болмай шығасыз. Егер көптен бері көкейіңізде жүрген беймаза шақ орнаса, достарыңызбен жиі бас қосыңыз. Сіздің әңгімеңізді сағынып жүр. Бір есептен, қазір жалғыз қалудың еш жөні жоқ.
Тауешкі
Қаржылық мәселелер шешіліп, жағдайыңыз түзелсе қалап жүрген заттарыңызды сатып алыңыз. Еңбегіңіздің өнбегін көруде тұрған ешнәрсе жоқ. Жұмыстағы белсенділігіңіз бен қиындықтарды еңсеруге деген құлшынысыңыз осылай етуге ыңғай жасайды.
Суқұйғыш
Кей дүниелер тек сіздің араласуыңызбен ғана біржақты болмақ. Соның арқасында күрмеуі тарқамай тұрған кейбір мәселелер шешімін табады. Ал әріптестеріңізбен әңгімелесуге келгенде сырыңызды аша бермегеніңіз жөн, олар да сізді бақылап жүр.
Балықтар
Осы апта жаңа құжаттарға қол қойып, маңызды қадамдар жасауға қолайлы. Ескі достарыңызға қоңырау шалып, хал-жағдайын біліп қойыңыз. Демалыс күндері жақын адамдарыңыздың бірі кездесуге шақырады, барып қайтыңыз.