Париж Олимпиадасында 5 тамыз, дүйсенбі күні қазақстандық 5 спортшы стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM ға сітеме жасап.
Стенд атудан скит микста сынында стенд атуда ел құрамасынан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жарыс жолына шығады. Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі болады.
Стенд ату
12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.
18: 00 Финал.
Жеңіл атлетика
15: 50. Іріктеу кезеңі. Ольга Сафронова (200 метр) жұбаныш кезеңіне қатысады.
23:45 Жартылай финал.
Грек-рим күресі
18:00. 60 келі. Айдос Сұлтанғали - Жоламан Шаршанбеков
130 келі. Әлімжан Сыздықов - Алин Алексус-Циурариу (Румыния)
00:00 Жартылай финал.
Олимпиадада 4 тамыздағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар. Бұл күні Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.