6 - 12 қараша аралығына арналған Жұлдыз жорамал

848
көрілім

Тоқты

Тоқтылар соңғы уақытта қатты қызғаншақ болып кетті. Олар әсіресе өздерінің екінші жартыларын қатты қызғанады. Сізге ешқандай себепсіз байбалам сала бермей, өзіңізді сабырлы ұстағаныңыз жөн.

Торпақ

Сіз жұмысыңызға дұрыс ден қоя алмай жүрсіз, себебі жұмыстан тыс кейбір факторлар сізге кедергі келтіруде. Егер қазір қандай да бір шара қолданбасаңыз, бұл мәселе болашақта одан сайын ушығып кетуі мүмкін.

Егіздер

Егіздер өз достары мен туған-туысқандарына тым қатаң талаптар қояды. Бұл әлбетте дұрыс емес, себебі осының салдарынан жақын адамдарыңызбен ара-қатынасыңыз бұзылып кетуі ықтимал.

Шаян

Бұл аптада шаяндарда қаржы қиындығы туындайды. Банктен несие алғанша, дос-жарандарыңыздан қарызға ақша алғаныңыз абзал. Сізге өз қаражатыңызды үнемдеп үйрену керек.

Арыстан

Соңғы уақытта сізді ашушаңдық пен ызақорлық тұмшап алған, сондықтан күйбең тірліктің қам-қарекетін ысырып тастап, демалыс жариялаңыз. Сенбі-жексенбі күндері жақындарыңызбен серуенге шығыңыз.

Бикеш

Осы аптада бикештер тынымсыз еңбек етеді, бірақ сол бітпейтін шаруалардан біршама шаршаңқырайсыз. Сондықтан кешкі уақытта ертерек ұйқыға ден қойып, өзіңізді күтіп жүріңіз.

Таразы

Ақырғы кездері сізге жиі көңіл көтеріп, үйге тым жай уақытта келу әдетке айналып кеткендей. Таразыға ішімдік ішу, шылым шегу сынды жаман әдеттерден бас тартқан жөн.

Сарышаян

Сарышаяндар алдыға мақсат қойса, оны орындамай тынбайды. Аптаның ортасында сіздерде жаңа жоспарларлар туындамақ. Ал махаббат мәселесіне келсек, екінші жартыңызбен ұрсысып қалуыңыз мүмкін.

Мерген

Сүйіктіңізге ренжіп жүрген болсаңыз, оны түсінуге тырысып, әңгімеге шақырыңыз. Арадағы түсініспеушіліктерді бірге отырып талқылаңыздар. Егер түк шықпаса, тәңір жазған сыңарыңыз бұл емес.

Тауешкі

Сізге ақшаңызды оңды-солды шаша беруді доғару қажет. Ең дұрысы – ақшаның жартысынан астамын банк картасында сақтау. Сонымен қатар, таныстарыңыздан қарыз алмағаныңыз жөн болады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар осы аптада көптен көрмеген ескі досын жолықтырады. Бұрынғыны ескі алып, көңіліңіз көтеріледі. Ал демалыс күндері жақындарыңызбен қала шетіне шығып, серуендеп келіңіз.

Балықтар

Жұмыстағы әріптестеріңізге көп сене бермеңіз. Олармен жұмыстан басқа жерлерде көріспегеніңіз дұрыс, себебі дәл керек сәтте сол досым деп жүрген адамыңыз үмітті ақтамай шығады.