Тоқты
Жаныңызды әлдебір мазасыздық жайлап, ойға жиі батасыз. Жеке өміріңізде көптен күткен тыныштық орнап, оңаша қалудың сәті түседі. Осы кезде болашаққа деген жарқын жоспарыңызды тағы бір бекітіп, қадамыңызды нықтай түсіңіз.
Торпақ
Жұмысыңызда күтпеген жерден бәсекелестік алауы қыза түседі. Лайықты қарсылық көрсетіп, тойтара алмауыңыздың бір себебі – әріптестеріңіздің айтарлықтай тәжірибелі болуы. Ондайда тайталасқа келмей, сабырлық танытқан жөн.
Егіздер
Өзіңізден әлеуеті жоғары жандар ақыл-кеңесімен бөліссе, ыждаһаттылықпен тыңдауға әзір болыңыз. Өмірлік тәжірибе жинақтауда біршама азық болады. Мамыр айының 11-і күні сақ болыңыз: бәзбіреулер тұзақ құрып қоюлары мүмкін.
Шаян
Сенім артатын адамыңыз болса ғана күрделі тапсырмаларды орындаңыз. Әйтпегенде күш-қуатыңызды бекерге сарқып, жуық арада еңсе тіктеуіңіз екіталай. Қазір қарызға берген ақшаңыз жуық арада қайтпауы ғажап емес.
Арыстан
Қазір қай тұрғыда болсын төзімді болыңыз. Қиын тапсырмалар туындасын, бас қатырар мәселе болсын – сағыңыз сынбасын. Мүлде күтпеген жерден қиындықтар туындауы мүмкін. Жағдай бақылаудан шығып бара жатса да ашуға ерік бермеңіз.
Бикеш
Бұрыннан бері күрмеуі шешілмей келе жатқан отбасылық түйткілдерді біржақты етуді ойластырыңыз. Мұны апта ортасына қарай жоспарлағыныңыз жөн. Жұмысыңыз бітіп жатса алыс сапарға шығып, бой жазып қайтыңыз.
Таразы
Жоқ жерден пайда болған ұрыс-керіс кезінде сабыр патшалығының есігі жабылып, қызбалыққа салынасыз. Жақын адамдарыңызды ренжітіп алсаңыз апта соңына дейін кешірім сұрап үлгергеніңіз дұрыс.
Сарышаян
Қанша жерден татулықты ту етуге тырысқаныңызбен түптің-түбі біреу-міреумен шекісіп қалуыңыз кәдік. Жора-жолдастарыңызбен ойыңыз бір жерден шықпай қалса, өзіңіздікін дәлелдеу үшін кикілжіңге бармаңыз.
Мерген
Қазір сырт-келбетіңізге мән беріп, киіну стиліңізді өзгертуге қолайлы кезең. Бір сәт жаңа дүниелер сатып алсаңыз еш сөкеттігі жоқ. Жұлдызар жұмыста болашақ жарыңызды жолықтырасыз деп болжауда.
Тауешкі
Алдағы аптада жақсылап тынығып, түрлі дәрумендер тұтынуға тырысыңыз. Көктем бітпей әл-қуат жинап алсаңыз, кез келген тапсырманы қиналмай орындайсыз. Апта соңында жағымды жаңалықтар естисіз.
Суқұйғыш
Табиғатынан ашушаң Суқұйғыштар сүйген адамының көзіне шөп салулары мүмкін. Әсіресе банк маманы, дәрігер, мұғалім мамандығын игергендер алдымен махаббатқа беріктік уәдесін беріп, кейін сөздерінен тайқып кетеді.
Балықтар
Қай салада болсын өзгелерден оқ бойы озық тұрамын десеңіз, әр тапсырмадан шашау шығармауға тырысыңыз. Бос уақытыңыз болса, өмірлік серігіңізбен табиғат аясына шығып, серуендеп қайтыңыз.