6 млн теңге қарызы бар өскемендік борышкер Павлодардан табылды

94
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Өңір тұрғыны 6 миллион теңге қарызын төлемей, қарыз беруші мен сот орындаушыларынан бір жыл бойы жасырынып жүрген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Өскемен қалалық көші-қон қызметі бөліміне өткен жылдың тамыз айынан бері қарызын төлемеген борышкерді іздеу туралы қаулы түсті. Қызметкерлер бұл хабарламаны тәулік ішінде қарастырып, оның Павлодарда жасырынғанын анықтады. Енді берешекті өндіріп алу үшін қажетті шаралар қабылдануда.
- Аталған факті бойынша қарызды төлемеу бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз, - деп хабарлады Полиция департаментінің қызметкерлері.