6 тамызға арналған ауа райы болжамы

354
көрілім

Сейсенбіде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысында және шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, тұман, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін.  Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Түркістан облысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің 16 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.