Тоқты
Бұл аптада шығармашылықпен айналысатын тоқтылардың тастары өрге домалап, еңбектерінің жемісін көруі мүмкін. Апта ортасында іссапарға шығып кетуіңіз ықтимал.
Торпақ
Айналаңыздағы адамдардың барлығына бірдей сене бермеңіз. Бұл аптада жақын танысыңыздың бірі сізді орға жығып кетуі мүмкін. Сондықтан сырыңызды ішіңізде сақтап, мұқият болыңыз.
Егіздер
Бұл кезеңде уақытыңыздың көбін үй ішіндегі жұмыстарға арнағаныңыз абзал. Үлкен құрылыс бастамасыңыз да, майда-шүйде жұмыстарды біржақты етіп қойсаңыз, көңіліңіздің тоқ жүрері анық.
Шаян
Жүрек-қантамыр жүйесін абайлаңыз. Ауыр салмақ көтеруден, бір нәрсеге жүйкеңізді жұқартудан аулақ болыңыз. Жұмыс арасында тынығып, демалыстарға қарай таза ауға шығып қайтыңыз.
Арыстан
Айналаңыздағы адамдар жұмысыңызды бағаламайтындай көрінуі мүмкін. Дегенмен, оларға ренжімей, өз жұмысыңызды тыңғылықты істесеңіз апта соңына қарай оның нәтижесін көретініңіз анық.
Бикеш
Аптаның басында маңызды жұмыстың басын қайырып, басшылықтың бір сынынан өтуіңіз мүмкін. Сондықтан, әр қадамыңызға мұқият болып, қолға алған істің әр жағын жіті қадалағаныңыз дұрыс.
Таразы
Бұл аптада басы бос тоқтылар екінші жартыларын кездестіріп қалуы мүмкін. Дегенмен, жаңа адамдармен танысқан кезде өзіңізді шыншыл ұстап, көзбояушылықтан аулақ болғаныңыз абзал.
Сарышаян
Аптаның ортасына қарай материалдық қиыншылыққа тап болуыңыз мүмкін. Сондықтан қолыңыздағы қаражатты үнемдеп ұстап, басы артық керексіз заттарды сатып алуға шығынданбаңыз.
Мерген
Бұл апта денсаулығыңызға күтім жасап, дәрігер қарауына жазылғаныңыз дұрыс. Аптаның бірніш жартысында қоылған диагноз нақты болса, жоспарлы оталарды екінші жартысына қалдырыңыз.
Тауешкі
Жақын туыстарыңыздан көмек сұраға арланбаңыз. Дегенмен, аптаның бірінші жартысында көп ешкімге шағымыңызды айтпай, көмек сұрауды сәрсенбінің сәтінен бастағаныңыз абзал.
Суқұйғыш
Ойыңызда жүрген жоспарлардың барлығын бір сәтте жүзеге асырамын деп әуре болмаңыз. Әр істің өз кезегі бар. Сондықтан жұмысты сатылап істеп, сапалы болуын қадағалағаныңыз абзал.
Балықтар
Бұл апта отбасылық мәселелерді шешуге қолайты кезең емес. Сондықтан негізгі назарды сырттағы жұмыстарға бұрып, көптен бері жоспарда жүрген істердің басын қайыруға арнаңыз.