7-13 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

455
көрілім

Тоқты

Қарым-қатынас, өзгелермен пікір алмасуға келгенде шектен шығып кетпеуге тырысыңыз. Қандай жағдай болса да адамгершілік шегінен шықпағаныңыз жөн. Алдағы сейсенбі күні ойлағаныңыз көз тез арада жүзеге асса, оған қатты қуанбаңыз. Қайта өзіңізді жинақы ұстаңыз.

Торпақ

Алдағы аптада түйіні шешілмей жүрген мәселелерді біржақты етемін деп үнемі ой үстінде жүресіз. Не істесеңіз де жан-жақты екшеп, ақыл таразысына салуды әдетке айналдырыңыз. Апта ортасына қарай достарыңызға өзіңіздің нақты не қалайтыныңызды жеткізіп айтыңыз. Кейде сізді ешкім елемейтіндей көрінуі мүмкін.

Егіздер

Басыңызға бір ой келіп, соның жетегінде кетіп қалмасаңыз болды. Не ойласаңыз да әр тараптан қарастырыңыз. Қайта осы кезең ағыспен баяу жүзуге қолайлы. Одан ешнәрсе жоғалтпайсыз. Тіпті өміріңіздің баяу әрі тыныш өтуі кей жайттарды саралап алуға тиімді. Сәрсенбі, бейсенбі күндері – келісімшарттар жасасуға қолайлы кез.

Шаян

Бұл аптада аса маңызды шаралар өтуі мүмкін. Сіздің жауапкершілігіңіз мол. Сондықтан басшылық шараның мінсіз өтуін өзіңізге жүктейді. Тағы бір сынақ. Дегенмен белсенділігіңіз бен кәсібилігіңіз жұрт назарын аудармай қоймайды. Қызметіңізге қатысты жаңа ұсыныстар түсуі де ғажап емес.

Арыстан

Табан аудармай еңбектеніп келе жатқан Арыстандар жауапкершілігімен әріптестерінің есінде қалады. Тіпті кейбір шаруаларды сенім артып, сізге жүктейді. Абзалы, одан бас тартыңыз. Әйтпегенде өз жоспарыңыз аяқсыз қалады.

Бикеш

Осы аптада шаруа шаш-етектен болып, жұмысыңыз көбейеді. Ендеше, іске сәт! Дегенмен ешкіммен ұрыс-керіске бармай, дау-дамайдың алдын алыңыз. Бір командадағы адамдармен кикілжің шыққаны тіптен дұрыс емес. Апта соңына қарай жеке өміріңізде маңызды қадамға барасыз.

Таразы

Ашу-ыза, кекшілдік қыр соңыңыздан қалмайды. Бұның барлығы алған бағытыңыздан тайдыру үшін қолдан жасалған әрекеттер. Біреу-міреуге сын айтып, қатесін түзетуге тырыспағаныңыз жөн. Бұл қадамыңыз да кейін өзіңізге қанжар болып қадалуы мүмкін. Дұрысы – бейтараптық.

Сарышаян

Осыған дейін не бітірдіңіз, құрған жоспарыңыз орындалды ма, осы сауалдарға жауап іздегеніңіз жөн. Жаңа бір әлемнің қақпасын қағып көрсеңіз де болады. Өміріңізде жарқын сәттер көбейеді, жаңа достар тауып, күтпеген жерден сыйлықтар аласыз. Өзіндік абырой-беделіңіз бір басыңызға жететіндігіне тағы бір мәрте көз жеткізесіз.

Мерген

Апта басында қабылдаған шешіміңіз алдағы өміріңіздегі маңызды қадамдарыңызға ықпал етеді. Сейсенбі күні өсек-аяңның жетегінде кетіп, жоқ жерден шалыс басудан сақ болыңыз. Сәрсенбі күні жауапкершілік жүгі ауырлай түседі, сергектік танытыңыз.

Тауешкі

Айналаңызда болып жатқан жайттарға алаңдап, ойыңызды сан-саққа шашыратпауға тырысыңыз. Ішкі түйсігіңіз бен өжеттілігіңіз бірқатар келеңсіздіктерден сақтап қалады. Жұмыста күш-қуатыңызды үнемдеп пайдаланыңыз, маңызды тапсырмалар әлі алда. Жұлдыздар да басшылық бекіткен тапсырмалардың барлығын орындауға ниет білдіріп, әсіре белсеніп кетпеуге кеңес береді.

Суқұйғыш

Апта басында жаңа жоспар құрып қана қоймай, ізін суытпай іске асыра бастаңыз. Сейсенбі күні әріптестеріңіздің арасында пікірталас, ой алмасу болып жатса, әлдекімге жақтас болудан аулақ болыңыз. Өзгені қолдаймын деп, өз атыңызға дақ келмесін. Туысқандарыңыз қолұшын беруіңізді өтінсе, бас тартпаңыз.

Балықтар

Осы аптада басшылық тапсырмаларды үйіп, жүктемеңізді көбейткенімен, соны уақтылы орындаймын деген ниетіңіз күш-қуатыңызды арттыра түседі. Алайда жұмыс уақыты аяқталған тұста қаншалықты шаршағаныңызды байқайсыз. Дұрысы, жеміс-жидекті жиі тұтынып, демалыс күндері жақсылап тынығыңыз.