«7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген несие көлемі 100 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.
- 7-20-25 бағдарламасы бойынша жалпы құны 101,9 млрд теңге болатын ипотекалық несие мақұлданды. Бұл Қазақстан бойынша 8844 отбасы тиімді шарттармен баспанаға қол жеткізді деген сөз, - деді компания өкілдері.
Жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары хабарлағандай, бұл қазіргі таңда кез келген азаматқа жылына 7 пайыз мөлшерлемемен 20 жылға пәтер алуға мүмкіндік беретін ең тиімді бағдарлама болып отыр. Ипотекалық несиелерді Сбербанк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, Еуразия банкі, АТФБанк, Jysan банк, Банк РБК, ForteBank береді.