Биыл Токиода өтетін Олимпиада ойындарында АҚШ намысын қорғайтын ерлер құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жалпы қазақстандық палуандардан 74 келіге дейінгі салмақтағы Олимпиада жолдамасы көкпектілік Данияр Қайсановқа тиесілі. Алайда соңғы рет ел чемпионатында солтүстікқазақстандық Нұрғожа Қайпановтың асығы алшысынан түскен-тін. Бұл ретте бапкерлер қос палуанды екі жеңіске дейін белдестіріп көрулері мүмкін. Ал еркін күрес шеберлерінің құрамы жуырда Алматыда өтетін лицензиялық Азия чемпионатынан соң белгілі болмақ.
Күні кеше АҚШ намысын қорғайтын спортшылар есімі анықталды. Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Джордан Барроуз ба, әлде 79 келіге дейінгі салмақта екі дүркін әлемдік сында атой салған Кайл Дэйк пе? Сұраққа жауап табылды. Алайда қалың жанкүйер санасында «Барроуз неге бұлай белдесті?» деген сауалдың сау ете қалғаны сөзсіз. Күресі сырт көзге сылбыр көрінді. Әлде қарсыласы бір бас жоғары болды ма? Осы нұсқа дұрыс сияқты. Себебі Олимпиада чемпионы аяққа өтудің хас шебері саналатын, алайда бұл жолы Дэйк барлық тұрғыда басым көрінді. Жылдамдық, төзімділік, рух... Алғашқы белдесуде 3:0, келесісінде 3:2 есебімен басым түскен Кайл Дэйк енді Заурбек Сидаков, Франк Чамизо, бәлкім Данияр Қайсановқа да қарсылас атануы бек мүмкін.
Сонымен америкалық бозкілем шеберлері Токио төрінде мына құраммен өнер көрсетеді:
1.Томас Гилман (57 келі)
2.Джордан Оливер (65 келі)
3.Кайл Дэйк (74 келі)
4.Дэвид Тэйлор (86 келі)
5.Кайл Снайдер (97 келі)
6.Гейбл Стивенсон (125 келі)