8-14 сәуір аралығына арналған жұлдыз-жорамал

121
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Тоқты

Алыс сапарларға шығып, айтары бар адамдармен ой алмасудың сәті түседі. Әр кездесуіңіз өмірлік азық алуға себепші. Сәуір айының 13-і күні небір қызық оқиғалар өрбіп, жағымды жаңалықтар естисіз.

Торпақ

Осыған дейін басыңыздан өткен келеңсіз, күрделі сәттердің неден болғанын ой сүзгісінен өткізіп көріңіз. Бәлкім, жолыңызға кесе көлденең тұрған кейібреулерімен қарым-қатынас үзгеніңіз жөн.

Егіздер

Сәуір басталғалы әлдекім сізге тосын сыйлар әзірлеп жүр. Басы бос Егіздерге өмірлік серігін жолықтыруға таптырмас кезең. Сәуір айының 13-нен бастап жұрт назары сізге ауады: мүмкін жаңа қызметке тағайындаласыз.

Шаян

Айналаңызды жылу қаумалағаннан болар, сырт келбетіңіз ерекше келісіп, достарыңыз бен әріптестеріңіз үшін суырылып тартылған сымдай көрінесіз. Мұндай қабілетіңізді кейбір мәселелерді шешуде пайдаланып қалыңыз.

Арыстан

Жұмыстағы жүктемелерге тұсау салынып, отбасындағы қарбалас үсті-үстіне үймелене түскендей болады. Қам жемеңіз. Бұл жоспарлы түрде іске асқалы тұрған үзіліс. Апта соңына қарай барлығы бір қалыпқа түседі.

Бикеш

Күтпеген жайттарға толы апта болғалы тұр. Бар жауапкершілік бір өзіңізге артылғандай көрінеді. Уақтылы орындауға мұрша болмаса достарыңызды көмекке шақырудан еш қысылмаңыз. Жалпы, қандай істі бастасаңыз да сеніммен кірісіңіз.

Таразы

Тұрмыстық жағдайыңыздағы кейбір мәселелерді есепке алмағанда көңіліңіз үнемі шат. Жұлдыздар жалғызбасты Таразылар үшін апта соңы болашақ жарын жолықтыруға қолайлы уақыт дейді. Мәнсап жолында да ісіңіз ілгерілейін деп тұр.

Сарышаян

Денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз. Әсіресе созылмалы сырқаты барларға ақ халаттыларға жиі жүгінген жөн. Жұмыстағы барлық тапсырманы өз міндетіңізге аламын деп күш-қуатыңызды сарқып алмаңыз.

Мерген

Қазір бір сәт те арқаны кеңге салуға болады. Тіпті, жөн сұрағандарға бағыт сілтеп үлгересіз. Бала-шаға, жұбайыңыз келіп жөн сұраса, өмірлік тәжірибеңізден алынған құнды кеңестеріңізді аямаңыз.

Тауешкі

Өкінішке қарай, өміріңіздегі болып жатқан әралуан жағдайлар сіздің пайдаңызға шешілмейді. Өзіңізге нақты не қажет екендігін нақтыламайынша, біршама тірліктің соңы нәтижелі болады деу қиын. Өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз.

Суқұйғыш

Көңіл-күйіңіз көтеріліп, көктемгі жайдары мінезге ие боласыз. Махаббат теңізі мен рухани әлемдегі орныңызды осы бастан айқындай білген жөн. Ол жағы кенжелеп тұрса шығармашылық жағына мән беріңіз.

Балықтар

Жалпы Балықтар үшін эмоциялық тұрғыда ауыр әрі қарбалас кезең болғалы тұр. Бала-шаға еркелікке басып, арқа сүйер азаматыңыз жұмыстан кешеуілдеп келуді жиілетуі ғажап емес. Қолға алған ісіңіздің барлығы кері кеткендей көрінсе де сағыңыз сынбасын.