Жұмада Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Тек солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерде тұман күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысында – тұман, басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.