8 млрд теңгеден астам қаржыға Риддердегі ЖЭО-ны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек

248
көрілім
Фотосурет www.gov.kz

Ресми ақпаратты облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл өңірдегі екі жылу электр орталығына жалпы сомасы 13,4 млрд. теңгеге жұмыстар жүргізу жоспарланған. Нақты айтсақ,
- «Өскемен ЖЭО» ЖШС бойынша 5,2 млрд. теңгеге,
- «Риддер ЖЭО» АҚ бойынша 8,2 млрд. теңгеге бөлінді.
Өткен жылы Риддер ЖЭО-да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары ауқымды деңгейде жүргізілді.
- Жұмыстар төтенше жағдайда орындалды және жабдықты тез іске қосу қажеттілігінен жөндеуге 500 ден астам адам тартылды. Қабылданған шаралар станцияның тозуын 16,8 %, жылу желілерінің тозуын 3,2 % төмендетуге мүмкіндік берді, - деді басқарма басшысы.
Өткен жылыту маусымымен салыстырғанда станциядағы технологиялық бұзушылықтар саны 84 жағдайдан 5 ке дейін азайды.
- Риддер қаласының 50 мыңнан астам тұрғынын сапалы жылумен қамту үшін осы жылы облыс әкімдігі ҚР Үкіметінің қолдауымен қазандық агрегаттарын, турбогенераторларды және жылу желілерінің 55 учаскесін жөндеу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр, - деді Нұрлан Рамазанов.
Асыл АЙТБАЕВ