9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

320
көрілім

9 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, кей жерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте – дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста тұман түсуі ықтимал. Тек батыста күн ашық.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды және Ақмола облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай жарқылдап, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Түркістан және Қызылорда облыстарында дауыл, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Қостанай, облыстарының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с, Қостанай облысында – тұман.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.