Жеңіс күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары назарына мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімдігі мәліметінше, мамыр айының 9-ы күні сағат 10.00-де «Жеңіс» (Стрелка) мемориалдық кешенінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді.
Бағдарламада театрландырылған қойылым және «Мәңгілік отқа» гүл шоқтарын қою рәсімі бар.
- Барлықтарыңызды сағат 20.00-де соғыс батырларын еске алу үшін «Зажги свечу» акциясы бойынша 7 199 шам жағуға шақырамыз, - делінген мәліметте.