15 шілдеден бастап Қазақстанда темекі қымбаттайды

660
көрілім
Фотосурет Egemen.kz сайтынан

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті темекінің барлық түрі қымбаттайтынын еске салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- 2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгеріс енгізіледі», — деп жазады комитеттің ресми сайты.
Бұйрық бойынша, бөлшек саудада темекі өнімдері үшін мынандай ең төменгі бағалар қолданылады:
фильтрлі, фильтрсіз сигареттің 20 данасына (бір қорабына), папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

    2024 жылғы 15 шілдеден 31 желтоқсанға дейін — 820 теңге;
    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 870 теңге.

Айта кету керек, қазір темекінің ең төменгі бағасы 770 теңге деп белгіленген.