Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті медицина қызметкерлерінің клиникалық тәжірибеге арналған сертификаттарын тексерді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жүргізілген талдауға сәйкес 1709 медицина қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың ішінде 675-і дәрігер, 1034-і орта буынды медицина қызметкерлері.
- Аталған бұзушылықтарға байланысты аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының медицина ұйымдарының басшылығын жауапқа тарту шаралары қаралуда, - деп хабарлады бақылау комитетіндегілер.
Бұдан басқа, Республикамыздың 5 аймағы мен 28 медициналық қызметкерден жасанды сертификаттар анықталған. Шығыс Қазақстанда мұндай келеңсіз үш факті тіркелген. Бұл жағдай бойынша тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.