Тоқты
Дүйсенбі күні өзіңізге жақын адамдардың жанын жаралап алмауға тырысыңыз. Тоқтылардың өзімшілдігі кейде достарын, туыс-туғандарын ренжітуге дейін әкеліп соғады. Сейсенбі, сәрсенбі күндері жаңа таныстық орнатуға мүмкіндік мол.
Торпақ
Апта басталысымен ойыңыз бір жерден шығатын азаматтарды айналаңызға топтастырып, жаңа жоспар бекітесіз. Отбасылы Торпақтар үшін мамыр айының үшінші онкүндігінде түрлі тапсырмалар жүктеліп, апта соңы қарбалас болмақ.
Егіздер
Соңғы уақытта тосын жаңалықтар жиі құлағыңызға шалынып, көз алдыңызға шым-шытырық жайттар келеді. Құдды бір өзгеше Әлемге түсіп кеткендей, мүлде таңсық жайттардың куәсі боласыз. Болмашы нәрсенің өзіне қатты таңқаласыз.
Шаян
Көктем аяқталуға жақындағанда күрмеуі қиын шаруаларды біржақты етіп, белсене түсесіз. Оны күнде ертеңге қалдырамын деп шегере берудің қажеті жоқ. Себебі жаңа ай басталғанда тапсырамалардың басқа түрі күтіп тұрады.
Арыстан
Бұрын-соңды жолықпаған қиын жұмыс өз әлеуетіңізге күмәнмен қарауға итермелейді. Тартыншақтаудың қажеті жоқ, қайта жинақылық танытып, алға қарай сенімді қадам жасаңыз. Апта соңында маңызды келісімшартқа қол қоюыңыз мүмкін.
Бикеш
Бикештер бұл жолы өзінің жақтастары емес, бір нанды бөлісіп жеген достарына арқа сүйейді. Олардың ақыл-кеңесі қашан да дұрыс бағытты сілтейді. Мүмкіндік болса, бейсенбі, жұма күндері үйдегі ұсақ-түйек шаруаларды аяқтаған жөн.
Таразы
Жұлдыздар Таразыларға барынша салқынқанды болуға кеңес береді. Әйтпегенде әріптестерінің тарапынан жағымсыз лепес естіп, алып-қашпа әңгімелер айтылуы мүмкін. Болмашы жерден қателесуден сақ болыңыз.
Сарышаян
Апта соңында бойыңызға біткен қуат көптеген қарбалас тірлікті еңсеруге сеп болады. Қолыңыз тигенде үйіңіздегі ескі-құсқы заттарды қоқысқа лақтырғаныңыз жөн. Ал демалыс күндері тарихи шығармалар оқуға тырысыңыз.
Мерген
Дүйсенбі-сәрсенбі күндері аралығында күтпеген қоңырау түсіп, көптен бері араласпай кеткен танысыңыз көмек сұрауы мүмкін. Қолыңыздан келсе қолұшын беруге асығыс, себебі ол жақсылық кейін сізге еселеп қайтады.
Тауешкі
Бақ-күндестеріңіздің теріс пиғылы талай Тауешкінің бағытынан айнуларына себепкер болады. Дұрысы, дос көңілін сүйдіріп, дұшпан көңілін күйдіретіндей жетістікке жете беруден жалықпаңыз.
Суқұйғыш
Қазір ағзаңызға дәрумен жинап, салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы мерзім. Басшылық соңғы уақытта жұмысыңызға сын көзбен қарап, тапсырамалар легін көбейте түспек. Түбі сізге зор үміт артатынын ұмытпаңыз.
Балықтар
Апта соңында жалғызбасты Балықтар жадынан кетпей жүрген жұмбақ жанын жолықтырып, махаббат кемесіне мінеді. Татулық пен сүйіспеншіліктің сақталуы үшін әр аптаның ортасында тосынсый жасауды әдетке айналдырыңыз.