3 – 9 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал

793
көрілім

Тоқты

«Ертең, жоқ, апта ортасында аяқтаймын» деп шегеріп жүрген жұмысыңызды қазірден қолға алыңыз. Есесіне демалыс күндері алаңсыз демаласыз. Осы аптада көптен бері көріспеген достарыңызбен бас қосуыңыз мүмкін.

Торпақ

Апта басында артық қимылға бармағаныңыз жөн, себебі, онсыз да шаруаңыз бастан асады. Аяқасты қабылданған шешімдерге әзір жүріңіз. Сын сағаттарда жақын адамдарыңыз сеніміңізді ақтай алмай қалулары ғажап емес.

Егіздер

Қазір кез келген келісімшарттар мен ымыраға келудің орайлы уақыты. Тіпті талайдан бері көңілі қалып жүрген жандардың өзі кешірсе таңқалмаңыз. Маңдай термен келген ақшаңызды оңды-солды шаша беруден аулақ болыңыз.

Шаян

Қателіктеріңізбен жұмыс істейтін уақыт келді. Өміріңіздің қай баспалдағына жеткенде қиналыңқырап тұрсыз, қысылмай сұрай беріңіз. Бала-шағаңыздың тәтті қылығы шаршағаныңызды басып, беймаза күннің өзін мерекеге айналдырып жіберулері кәдік.

Арыстан

Қазір өзгеге емес, өзіңе ғана сенетін заман. Күрделі мәселелер туындаса тартыншақтамай, батыл қимылдай біліңіз. Мамыр айының 6-27 аралығында қай жерден келетіні белгісіз, қалтаңыз біраз қампиып қалады.

Бикеш

Бикештер үшін мамыр айының әр аптасы қарбалас тірліктермен басталмақ. Кейбір жұмыстарды уақтылы аяқтағыңыз келсе едәуір күш-жігер жұмсауыңызға тура келеді. Мүмкіндік болса достарыңызбен жиі жүздесіңіз.

Таразы

Бойыңызға біткен күшіңіз бен ерік-жігеріңізді құр босқа кетірмегеніңіз ләзім. Әлдебір іс көңіліңізден шықпаса, ойыңызды ашық білдіруден жүрексінбеңіз. Таразылар өз ортасында сенімді әрі жинақы қылық танытуларымен ерекшеленеді.

Сарышаян

Маңызды кездесулер шығып қалса таңертеңгі уақытқа белгілегеніңіз жөн. Жемісті де, жеңісті болмақ. Ал кешкісін керісінше, жақсылап тынығып алыңыз. Кейбір Шаяндар сүйген адамымен тіл табыспай, салы суға кетеді.

Мерген

Өміріңізде әлденені өзгерткіңіз келсе, асығыстық танытпағаныңыз абзал. «Асықпаған арбамен қоянға жетеді» демекші, әр қадамыңызды екшеп, жинақы қимылдауға дағдыланыңыз. Өзгеріске келсек, жарқын болашағыңызға қайта жоспар құрыңыз.

Тауешкі

Жұмыста сізге жүктелген тапсырмалар шектен тыс көбейіп кетуі мүмкін. Басшылық қойған талап жоғары болғанымен, ертерек орындау үшін еншіңіздегі уақыт аздық етуі мүмкін. Сол себепті, кейбір тапсырмаларға таң бозынан кіріскеніңіз жөн.

Суқұйғыш

Нендей жайт болсын, абдырап, сасқалақтаудың қажеті жоқ. Айналыңызға көз салғанда қырағылық танытыңыз. Әлдекімдер аяғыңыздан шалуды көздеп жүр. Жүйкеңізге салмақ түсірмей, әккі әрекетке сыр білдірмей, күлімсіреп қараңыз.

Балықтар

Үйдегі ұсақ-түйек тірліктерден бастап жөндеу жұмыстары шаш етектен көбейіп, демалыс күндері тынығуға мүмкіндік бермейді. Ескі сырқатыңыз сыр беріп жүрмесін. Ақ халаттыларға барып қаралыңыз.