Наурыз айының 25-27-сі күндері Күршім ауданы бойынша «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараға күнделікті 25 полиция қызметкері шығып отырды. Аудан бойынша 8 автопатруль тасжолдарға қойылған.
- Республикалық маңызы бар тасжолдарға екі, облыстық маңызы бар тасжолдарға екі, аудандық маңызы бар тасжолдарға екі, елдімекендерде екі автопатруль күнделікті шығып отырды. Жұмыс атқару барысында үш күн ішінде 45 әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген мәліметте.
Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы 9 бөлігімен 2 хаттама, 593 бабы 2 бөлігімен 18 хаттама, 595 бабы 1 бөлігімен 5 хаттама,591 бабы 1 бөлігімен 3 хаттама, 600 бабы 1 бөлігімен 2 хаттама, 608 бабы 1 бөлігімен 1 хаттама, 612 бабы 1 бөлігімен 3 хаттама, 615 бабы 1 бөлігімен 11 хаттама толтырылды. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде БАҚ-қа үш материал жарияланды.
Мемлекеттік тіркеудегі екі нөмір техникалық байқаудан өтпегені үшін шешіп алынды.