ШҚО-да ХҚКО жұмысы қайта жанданады

368
көрілім

Өңірдегі бас санитарлық дәрігер шешімі бойынша 23 мамырдан бастап ШҚО Семей қаласындағы фронт-офистерден басқа барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты Өскемендегі ХҚКО электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтерді және egov.kz порталында рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

ХҚКО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдына ала брондау қажет болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі әлі де сейілген жоқ.

– Кезекті алдын ала брондау шаралары тек шығысқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Сондай - ақ, орталықтарға барған кезде маска режимін сақтау маңызды", - деп атап өтті Есембулов.

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметтің 80% - дан астамын egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы онлайн форматта алуға болатынын мәлімдеді. Жақында онлайн форматқа ауыстырылған жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ беру бойынша қызмет тек онлайн түрде көрсетіледі.

Өскеменде компьютерге қол жеткізе алмайтын азаматтар үшін ХҚКО ғимаратынан тыс 10 egov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Олар қалалық кітапханалардың ғимараттарында орналасқан. Облыс орталығында басқа ұйымдар іске қосылғаннан кейін осындай бұрыштар саны ұлғаятын болады.

Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, мүмкіндігі шектеулі азамтаттар 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, ХҚКО қызметкерін үйге шақыра алады.

Айта кету керек, аталған өзгерістер Өскемен қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде орналасқан ХҚКО-лар өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.