Өңірдегі Ақтоғай кен орнының екінші байыту фабрикасының құрылыс алаңында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
KAZ Minerals Тобы компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 қыркүйек күні сағат 22:00-дер шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлік ұйым - ICG компаниясының жұмысшысы биіктен құлаған. Алған жарақаттардың салдарынан ол сол жерде көз жұмды.
– Оқиға орнындағы жұмыстар бірден тоқтатылды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрылған. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады, - делінген мәліметте.