"Қазгидромет" РМК синоптиктері 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ.-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
– Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрыңғыдай республиканың басым бөлігі Ресей және Скандинавианың солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан көптеген облыста қар, бұрқасын, екпінді батыс желі, солтүстік облыстарда желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін, сондай-ақ тұман және көктайғақ күтіледі, - делінген Қазгидромет хабарламасында.