Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылындағы ауызсу мəселесі шешімін таппақ

10905
көрілім

Мыңбұлақ ауылындағы ауызсу мəселесі Nur Otan партиясы ШҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясының жіте назарында.

Əлеуметтік желіде жарияланған Мыңбұлақ ауылының орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету мəселесінің комиссия төрағасы Мұхтар Əділбекұлының, Аягөз аудандық партия филиалы төрағасы, аудан əкімі Сейілбек Ысқақовтың бастамаларымен елді мекенге тікелей барып, халықпен кездесіп, арнайы мамандарды кірістіріп су жүйесінің нақты жағдайымен танысты. Ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сейілбек Ысқақовтың мəліметінше, осы жылы Қопа, Мыңбұлақ ауылдары су жүйелерін толық жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін, əр жобаға 200 миллионнан астам қаражат қарастырылған.

Өз кезегінде, партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Мұхтар Əділбекұлы мəселені толығымен шешу үшін жергілікті атқарушы орган өкілдеріне, тапсырыс берушіге нақты ұсыныстар берді. Жоғарыда аталған елді мекендердегі ауызсу мəселесі толығымен шешімін тапқанша, Nur Otan партиясы ШҚО филиалының бақылауында болады.