Бесқарағай ауданында дауыс беру басталды

674
көрілім

Бесқарағай ауданында партиялық кадрлық резервіне үміткерлерге дауыс беру басталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміз бойынша пилоттық жоба ретінде Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам –"Nur Otan" партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасына сәйкес, қолға алынған бастамаға бесқарағайлықтар белсенділік танытуда. 

Партиялық кадрлық резервіне дауыс  беру бүгін таңғы сағат 8-де басталды. Партиялық кадрлық резервіне тіркелген 46 азаматтың үздіктері анықталады.