Қала меншігіне берілген демалыс аймағында өткен жылы ешқандай өзгеріс болған жоқ. Болашақтада билік саябақты абаттандырмайтын сияқты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыс орталығының басшылығы саябаққа заманауи сәулеттік-эстетикалық көрініс беру үшін жоспарланған жөндеу және абаттандыру жұмыстары туралы хабарлады. Қала әкімі «Самал» саябағындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін «Металлург» саябағын қолға алуға уәде берген. Бірақ биыл әкімдіктің жоспары өзгеріп кеткен сыңайлы.
- «Металлург» саябағының аумағында биылғы жылы қайта құру және басқа да абаттандыру жұмыстары жоспарланған жоқ, - деді қала басшысының орынбасары Тамара Рахымжанова.
Бұл өзгерістердің себептері туралы әкімдік әзірге нақты жауап берген жоқ.