Осыған дейін республика көлеміндегі жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау жүзеге асырылмаған бағдарламалар университетте инновациялық бағытқа алғаш рет енгізіліп отырған. Алайда білім ордасының басшылығы елімізде баламасы жоқ жобалар бар екендігін айрықша атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Екі жыл ішінде еліміздегі ЖОО-лар 600-ден астам жаңа және 100-ге жуық инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізді.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да осы тақылеттес 32 бағдарлама бар. Сөзсіз, осының барлығы мемлекет экономикасын ілгерілету жолында еңбек ете алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Соның бірі – медициналық инженеринг.
Мамандар айтуынша, «Медициналық инжиниринг (Медициналық техника)» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университетінде 6В07105 «Аспап жасау» мамандығы шеңберінде бакалаврларды даярлауды жүзеге асырады.
- Бұл өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру қызметінде жалпы және арнайы құзыреттері бар республикадағы емдеу мекемелері мен денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу орталықтарының қажеттіліктерін ескере отырып, еңбек нарығында жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлауға арналған, - дейді университет басшылығындағылар.
Түлектерді мақсатты даярлау ел аумағында пайдаланылатын және шетелдік өндіруші фирмалар, атап айтсақ Siemens, Roche Diagnostics GmbH, Tem Innovations GmbH, Arkray, Iris, BST – осының барлығы жеткізетін медициналық техниканың конструкцияларын, қолдану ерекшеліктерін, жұмыс істеу принциптерін және ақауларын диагностикалау саласында өңірдегі Денсаулық сақтау мекемелерін жұмылдыра отырып жүргізіледі.
Білім ошағы өкілдерінің сөзінше, бәсекеге қабілетті буын қалыптастыруда жұмыс берушілермен және стратегиялық серіктестермен ынтымақтастыққа көп көңіл бөлінеді. Оқыту тәжірибелі инженерлер мен мамандарды тарта отырып жүргізіледі және бұл медициналық техникаға қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Белгілі болғандай, білім берудің мұндай үлгісі оқу және әдістемелік құралдар әзірлеуде авторлық және ұжымдық жетістіктері бар, осы бағыт бойынша бакалаврлар мен магистрлерді даярлаудың қазіргі заманғы әлемдік тәжірибесін жинақтауды ескере отырып әзірленген. Оған қоса, ШҚТУ-дың «Медициналық инжиниринг (Медициналық техника)» бағытына сәйкес шығарылатын бакалаврлар мен магистрлердің жоғары теориялық біліктілік деңгейін қамтамасыз етеді.
Жұмыс тәжірибесіне және жеке жетістіктеріне байланысты келесі лауазымдарды атқара алады: инженер; инженер-конструктор; инженер-зертханашы; инженер-электроншы, жөндеу жөніндегі инженер, өндірісті дайындау жөніндегі инженер, жабдықты жинақтау жөніндегі инженер; зерттеу тобының жетекшісі, зертхана басшысы, метролог, және басқалары.
Түлектер бакалавриатты тәмәмдаған соң 7M07109 – «Медициналық инжиниринг (Медициналық техника)» БББ бойынша ШҚТУ магистратурасында оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.