Етті қай өңір тұрғындары көп тұтынады?

375
көрілім

Қазақстанда биыл ет пен ет өнімдерінің бағасы қымбаттады. Тауық етінің бағасы шамамен 20%, ал сиыр етінің бағасы 15% өсті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Елімізде соңғы 3 айда ет өнімдерін сатып алу көрсеткіші барынша түсті. Бәрінен бұрын еліміздің нарығында тауық еті 20% жуық қымбатаған. 1 келі тауық еті 800 теңгені құрап тұр. Ет өнімдері бағасының өскенін сиыр етін сатып алу деңгейінің 6% төмендегенінен байқауға болады. Ауыл тұрғындарының да ет өніміне деген сұранысы 4,5% төмедеген. Ал қала тұрғындарының ет сатып алудағы көрсеткіші өзгермеген", - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетсек, өңірлер арасында негізгі ет тұтынатындар - Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты, бір адамға шаққанда 23 келіге жуық ет өнімі тұтынылады. Жалпы алғанда, еліміздің орташа тұрғыны 19 келі ет тұтынады. Сонымен қатар, сүр бойдақтар ет өнімін көп тұтынатындар қатарында – бір адамға шамамен 36 келіні құрайды. Екі немесе одан да көп балалы отбасында әрбір мүшесіне 2 есе аз ет өнімін тұтынады.