Глубокое ауданының маңында тағы бір түлкі мекен етуде

397
көрілім

Автокөлік жүргізушілері жабайы жануарды Глубокое ауданының аумағында бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбаға тұрғындар түз тағысының ұзақ уақыттан бері ауыл іргесінде мекендеп келе жатқанын жарыса жазып, пікір қалдырған.

Еске сала кетейік, осыған дейін біз Өскемендегі «Заречный» базарының маңындағы көлікжайда түлкі мекендегенін, жергілікті тұрғындар түз тағысына ас қалдықтарын беріп, асырап жүргендерін жазған болатынбыз.

Зооқорғаушылардың айтуынша, жануарларды аулау өте қиын. Сонымен қатар егер түлкіні тамақтандырып қолға үйретіп алса қайтып оны қуып жіберу де қиынға соғады екен.