Желтоқсан айында Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні қатар келгендіктен қазақстандықтар барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Желтоқсанда Қазақстанда екі атаулы мереке қатар келеді. Олар — Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні осы жылы жексенбі күніне тұспа тұс келгендіктен демалыс келесі күнге ауысады. Яғни 30 қараша, 1-2 желтоқсан күндері демалыс болып саналады.
Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан күндері тойланады. Бұл күндер дүйсенбі, сейсенбі күндеріне қатар келгендіктен бескүндік жұмыс істеушілер үшін 14-17 желтоқсан күндері демалыс күні болады.
Келесі жылды қазақстандықтар демалыспен қарсы алады. Себебі 1-4 қаңтар аралығы бірден 4 күн демалыс күні болып есептеледі. Алайда 5 қаңтар жексенбі күні қазақстандықтар үшін жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні болмақ.