Біріккен Күрес Әлемі осы уақытқа дейін талай доданың өтуін кейінге шегеріп, бірқатар палуандардың бабын сақтап жүруін күрделендіріп жіберген болатын. Алайда жуырда өткізілуі мүмкін деген сайыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған кестеге сәйкес, бозкілем шеберлерінің бәсекесі 16-21 ақпан аралығында Алматыда өтеді деп күтілуде. Unitedworldwrestling.org сайтының мәліметінше, одан кейінгі тағы бір лицензиялық сайыс желтоқсан айында Белград қаласында өткізілуі мүмкін. Қазаның айының 5-не бекітілген Біріккен Күрес Әлемінің кезекті сессиясында Әлем біріншілігінің өткізілуі талқыланбақ.
Ал құрлықтық лицензиялық турнир осыған дейінбекітілгендей, 26-28 наурыз аралығында Қытайдың Сиань қаласында өтеді дегенге сенім білдіруде.