Күршім ауданының тұрғыны заңсыз қабан атқан

368
көрілім

Аудан тұрғынын тексеру кезінде қолында тиісті құжаттары болмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында ШҚО бойынша «Орман және аңшылық шаруашылығы» жедел әрекет ету жасағы КММ инспекторларымен бірлесіп, аудан аумағында тексеріс жүргізді. Зайсан ауданындағы Қара Ертіс маңында Күршім ауданы Игілік ауылының 36 жастағы тұрғыны қолға түсті.
Сөйтіп ер адамның қабан атып алғаны анықталды. Тексеру кезінде ер адамнан рұқсат құжаттары болмай шыққан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 337-бабының 1-бөлігіне (Заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясында 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.