Волейбол мен баскетболдан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командалар арасындағы Желілік спартакиада аяқталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жылдың маңызды спорт шарасының жабылуы бүгін Алматы қаласының Зияткерлік мектептерінде өтті. Химия – биология бағытындағы Зияткерлік мектепте 4 күн бойы волейболдан тартысқа толы жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, номинация иегерлері салтанатты шарада марапатталды.
Жігіттер арасында спартакиада чемпионы атағына Павлодар зияткерлері ие болды. Екінші орында – Петропавл НЗМ командасы, 3 орынды Алматы ФМБ НЗМ командасы иеленді. Қыздар жарыстарында айқын жеңіске жеткен Нұр-Сұлтан ХБ мектебі командасы, 2-орында – өз алаңында ойынды қарсы алған Алматы ХББ Зияткерлік мектеп командасы, 3 орын- ақтаулық зяиткерлердің қоржынында кетті. Команда бапкерлеріне Желілік спартакиаданы ұйымдастырған Алматы ХББ НЗМ-ның атынан диплом мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, төрт номинация бойынша 8 ойыншы жеңімпаз атанып, арнайы сувенир мен дипломға ие болды.