Биылғы жылдың 26-30 мамыр аралығында Өскемен қалалық ІІБ облыс орталығында «айыппұл төле» акциясын өткізуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айыппұлдар төленбеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 785-бабына сәйкес автокөлік құралдары арнайы автотұраққа орналастырылады. Сонымен қатар, көлікті уақытша автотұрақта сақтау әкімшілік жаза толығымен төленгенге дейін жалғасады.