Өткен сенбіде Өскемен қаласында өткен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде күршімдік шаруагерлер өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
16 қараша күні «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында кезекті жәрмеңке өтті. Осы жолы Күршім ауданының кәсіпкерлері тұрғындар назарына арзан бағада ет, балық, май, күнбағыс майы, бал, көкөніс және сүт өнімдерін саудалады.
- Бұл жәрмеңкеге 12 ауылдық округтың шаруагерлері жиналды, - дейді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Шораев. - 2 тонна 700 келі сиыр еті, 2 тонна қой еті, 3 тонна жылқы еті, 2,5 тонна балық өнімдері әкелінді. Бағалары нарықтағыдан біршама төмен. Нақты айтсақ, сиыр еті – 1600 теңге, қой еті – 1400 теңге, жылқы еті – 1700 келі, балық еті 800 теңге.
Қоса кетсек, облыс әкімінің тапсырамасына сәйкес ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жылына бір рет, кей кездері бірнеше мәрте әр сенбі сайын Өскемен және Семей қалаларында бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Аталмыш жәрмеңкелерді өткізудегі басты мақсат - қала жұртшылығына азық-түлік өнімдерін арзан бағада сатып алуға мүмкіндік беру.