Өскеменде «ANTIKOR ORTALYGY» ашылады

410
көрілім
Шартты фотосурет

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО департаментінің сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ашылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстағы құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқысы болып «Open space» форматына көшті. Ең маңыздысы, департаменттің қоғаммен байланыс орнататын превенция және парасаттылық басқармасы толықтай ашық және ортақ кабинет жұмыс нысанына көшкен.

Жұмыстың жаңа форматының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысады.

Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, бірінші қабатта орналасқан заңгерлік және «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясындакеңестералуға арналғанарнайы бөлмелер,баспасөз орталығы көрсетіледі. Сондай-ақ, басшылыққа қабылдауға да жазылуға болады.

«ANTIKOR ORTALYGY» азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орталыққа айналмақ.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының сапары аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің парасаттылық кеңсесінің жұмысымен, облыс әкімінің қоғамдық қабылдау орны, жедел басқару орталығы, "Invest in East" инвестициялық кеңселерімен танысу және студенттік жемқорлыққа қарсы форумға қатысу жоспарлануда.

Өтетін орны:Өскемен қ., Лихарева көш, 2.

Уақыты:23 желтоқсан 2019 ж., 17:00 Журналисттерді аккредиттеу upkvko@mail.ru электрондық поштасы бойынша 23 желтоқсан күні сағ. 10.00-ге дейін жүргізіледі.

Қосымша ақпарат үшін : 29-88-07, 8-777-619-20-69 (Гульнур Бекбаева)