Өскеменде белгісіз біреулер оқытушының әлеуметтік желісін бұзып студенттерден ақша сұраған

487
көрілім

Облыс орталығында оқытушының әлеуметтік желідегі парақшасын бұзған алаяқ студенттерден ақша сұраған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Өскемен қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамырдың 27-сі күні полиция бөлімшесіне студент қыз  әлеуметтік желідегі алаяқтыққа тап болғаны жөнінде шағым түсірген. Әлеуметтік желіде студенттен оқытушысы ақша сұраған. Көңіліне секем келмеген студент  «Каспий-әмиян» арқылы оған сұраған ақшасын салып жібереді. Арада көп уақыт өтпей, студент қызға «оқытушыдан» тағы ақша қажет болып тұрғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Осыдан кейін ғана күдіктене бастаған қыз бірден оқытушысына қоңырау шалады. Ол болса өзінің парақшасын белгісіз біреулер бұзып алғанын, ақша жайлы ештеңе білмейтінін айтқан.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстары жүргізіп жатыр.