Өскеменде домофонның бейнебақылау камерасын ұрлаған ер адам құрықталды

365
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыздың 2-сі күні «102» арнасына өскемендік тұрғыны ұрлық жасалғандығы туралы айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Артынша «Қыран 2» полиция қызметкерлері тез арада күдіктіні қолға түсірген. Тергеу амалдары барысында жұмыссыз жүрген 41 жастағы ер адам домофонның бейнебақылау камерасын қолды қылғанын мойындады. Мәлім болғандай, құқық бұзушы ұрланған зат иесіне 60 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Аталмыш факті негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.