Наурыз айында трамвай рельстерін жөндеуге байланысты қоғамдық тыңдау өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Облыс орталығында Қазақстан (Мызы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін) және Нұрмағамбетов көшелеріндегі (бұрынғы Орджоникидзе) трамвай рельстерін жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізбек.
Тыңдау биылығы жылы 13 наурыз күні сағат 10.00-де Қазақстан көшесі, 154 б мекенжайында өтеді.