Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалар соңғы уақытта зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездесетінін алға тартты.
– Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығына қарай заңда бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануының алдын алу мақсатында қаланың жергілікті полиция қызметі тәуекел тобындағы тұлғалармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, қорғау нұсқамаларын шығарады, – делінген мәліметте.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, көп жағдайда адамдар өз беттерінше шешім қабылдайды. Айталық, қорғану мақсатында пышақ қолданып, оқиға барысын мүлде күрделендіріп жіберген.
– Осы жылдың сегіз айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 1400-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1500-ден астам қорғау нұсқамалары шығарылды. Қылмыстық жауапкершілікке бес адам тартылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда дереу Өскемен қаласы ішкі істер басқармасының «102» арнасына хабарласу керектігін есте ұстаған жөн, – деді прокуратура өкілдері.