Облыс орталығындағы көшелердің бірінде қоқыс өртеніп, өрт сөндіру барысында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- 19 желтоқсан күні Добролюбов көшесінде қоқыс өртенді. Қызметкерлер өрт сөндіру барысында тұрғылықты мекенжайы жоқ адамның мәйітін тапты. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы анықталуда, - деп хабарлады Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы.
Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үйсіз-күйсіз қаңғыбастар қыс мезгілінде жылыну үшін түрлі құрлыс орындарында, жертөлелерде рұқсатсыз от жағатындарын айтып өтті.